$ 542.03  627.29  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Асу Алмабаев UFC-дегі жекпе-жегі үшін рекордты көлемде гонорар алды

Бұл сома – Асу Алмабаевтың спорттық карьерасындағы ең ірі қаржылық жетістігі болып отыр

Асу Алмабаев UFC-дегі жекпе-жегі үшін рекордты көлемде гонорар алды
Фото: instagram.com/asu_zulfikar57

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC-дегі кезекті жекпе-жегінде өзінің спорттық карьерасында ең жоғары сыйақы алды. Ол Абу-Дабиде өткен турнир аясында перулік қарсыласы Хосе Очоамен жекпе-жекке шығып, жалпы 82 000 доллар көлемінде табыс тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қомақты сыйақы: гонорар, жеңіс бонусы және демеушілік табыс

MMA Junkie басылымының мәліметінше, Алмабаев 38 000 доллар кепілдендірілген гонорар алды. Жекпе-жекте жеңіске жеткені үшін тағы 38 000 доллар бонус берілді. Сонымен қатар UFC-дің Venum демеушілік бағдарламасы аясында 6 000 доллар көлемінде қосымша табысқа ие болды. Бұл сома – Асу Алмабаевтың спорттық карьерасындағы ең ірі қаржылық жетістігі болып отыр.

Алмабаев төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті

Жекпе-жек турнирдің негізгі кардында өтті. Алмабаев үш раунд бойы басымдық көрсетіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті. Бұл – оның UFC-дегі бесінші жеңісі. Спортшы бұл табысты нәтижесі арқылы жеңіл салмақтағы рейтингтік орнын нығайта түсті.

Қарсылас табысы мен турнир маңызы

Алмабаевтың қарсыласы, UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізген Хосе Очоа, 24 000 доллар алды: 20 000 доллар – қатысқаны үшін, 4 000 доллар – демеушілік бонус ретінде. Абу-Дабиде өткен бұл турнир UFC-дің жазғы жекпе-жек сериясы аясында ұйымдастырылған болатын. Оған Қазақстаннан басқа да спортшылар қатысты.

Серіктес жаңалықтары