Жыныстық қатынасты онлайн ұйымдастырған: ІІМ заңсыз жолмен күніне 1,5 млн теңге тапқандарды ұстады
2024 жылдың басынан бері қаржы айналымы 1,7 миллиард теңгеден асқан

Ішкі істер министрлігі мен прокуратура органдарының бірлескен жедел іс-шараларының нәтижесінде елімізде адам саудасына және жыныстық қанау мақсатында заңсыз қызмет атқарған екі ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді,деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, қылмыстық топ мүшелері интернет-ресурстарды жүйелі түрде пайдаланып, жыныстық қанауға қатысты заңсыз қызмет түрлерін жарнамалап, онлайн түрде ұйымдастырып отырған. Олардың әрекеті ұйымдасқан сипатқа ие болып, күн сайын 1,5 миллион теңгеге дейін табыс әкелген.
2024 жылдың басынан бері қаржы айналымы 1,7 миллиард теңгеден асқан, бұл - қылмыстық желінің ауқымын және оның қоғамға төндірген қауіпін көрсетеді.
Жүргізілген тінту жұмыстары барысында:
-
ірі көлемдегі ақша қаражаттары,
-
банк карталары,
-
автокөліктер,
-
компьютерлер мен ұялы телефондар,
-
цифрлық ақпарат тасымалдаушылар тәркіленді.
Негізгі фигуранттар мен олардың сыбайластарына қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу санкциясы қолданылды.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің:
-
Адам саудасы (ҚК 128-бап),
-
Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу (ҚК 262-бап)
баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілерге 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза қарастырылған.
ІІМ мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, адам саудасы мен жыныстық қанауды насихаттайтын интернет-ресурстарды анықтау және бұғаттау жұмыстарын жалғастыруда.