Алмас Өтешов қымбат көлік сатып алды (ВИДЕО)
Мұндай көлік 19-20 миллион теңге шамасында тұрады

Ішімдіктен емделіп, Қызылорда облысында лауазымды қызметке тағайындалған зілтемірші Алмас Өтешов жаңа көлік сатып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл жаңалықты спортшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді.
«Toyota Camry 80 көлігі. Баршаңызға осындай көлік бұйырсын» - дейді Алмас Өтешов.
Айта кетері, мұндай көлік 19-20 миллион теңге шамасында тұрады.
Еске сала кетейік, зілтемірші Алмас Өтешов «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына шығып, ішімдіктен емделгеннен кейін қандай күйде екенін айтып берген болатын. Ол қазір Қызылорда облысының спорт басқармасына қарасты «Олимпиадалық резерв даярлау орталығы» КММ директорының орынбасары қызметін атқарып жүр. Оған дейін бес айға жуық басқармаға қарасты «Мұз айдыны» мекемесінде әдіскер болып қызмет атқарды.
Алмас Дәулетярұлы – ауыр атлетикадан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионы.