«Жүрегім дүрсілдеп тұр»: Мөлдір Мұқанова ұшақта отырып жылап қалды (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

Ол қорқынышын жеңгенін айтты

Фото: видеодан скриншот

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова өз оқырмандарына жеке ұшақпен ұшқан сәтін көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол әлеуметтік желіде видео жариялап, өз қорқынышын жеңгенін атап өтті.

«Ұшақ көкке көтерілген сәтте жүрегім дүрсілдеп, көзіме жас келді. Бұл – еркіндік. Бұл – өз қорқынышымды жеңіп, биіктерге бет алған сәт. Қыздар, бұл ғажап эмоция. Кім менімен бірге ұшқысы келеді?», - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мөлдір Мұқанова көптен күткен арманының орындалғанын айтқан болатын.

Айта кетсек, танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі мен қыздары шетелде тренд видео түсіремін деп сынға қалды. Мөлдір тойда ән айтып, әлеуметтік желі қолданушыларының талқылауына түсті. Тұрсынбек Қабатовтың жары, қазіргі уақытта әншілікке бет бұрған Мөлдір Мұқанова Instagram парақшасында ерекше бейнежазба жариялады. Видеода ол өзін екі түрлі кейіпте «сынған» және «жарқыраған» күйде көрсеткен. Әлеуметтік желілерде Тұрсынбек Қабатовтың жеке өміріне қатысты тағы да бейнеүндеу тарады. Жас әйелдің мәлімдеуінше, ол белгілі азаматпен арадағы келісімді жарияламауға уағдаласқан, алайда қазіргі уақытта Мөлдір ханым тарапынан қысым күшейген соң, үнсіз қалуға дәті бармаған.

Бұған дейін танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқан бөтен еркекпен түскен видеосын жариялады. Сонымен қатар ол отбасындағы құпия сыртқа шығып кеткені туралы айтты. Оған дейін Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйел алғаны туралы сыбыс тараған еді. Қабатов тоқал алды деген сыбыс тарағаннан кейін заңды некедегі жұбайы Мөлдір Мұқанованың көз жасына ерік берген видеосы шықты. Сондай-ақ Мөлдір Мұқанова жас әншімен бейнебаян түсірді. Ал продюсер Баян Алагөзованың «Алтын Ханым» атты шоуын жүргізген әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова тікелей эфирде сөзін ұмытып, ұятқа қалды.