$ 541.45  631.17  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтауда демалыс орнында жалаңаш ер адам балалар бөлмесіне кіріп кеткен

Оқиға демалыс базаларының бірінде болған

Ақтауда демалыс орнында жалаңаш ер адам балалар бөлмесіне кіріп кеткен
Фото: © istockphoto.com

Түн ортасында жалаңаш ер адам балалар жатқан бөлмеге кіріп кеткен. Бұл оқиға Маңғыстау облысындағы демалыс базаларының бірінде болды. Ата-аналар күдіктінің жауапқа тартылуын талап етіп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz дерегіне сүйеніп.

Түнгі оқиға: балалар шошып оянған

2025 жылғы 27 шілдеде Ақтау қаласы маңындағы демалыс базасында болған бұл оқиға жұрттың жағасын ұстатты.

  • Түнгі сағат 04:00 шамасында бөлмеде 8 және 10 жастағы екі қыз бала ұйықтап жатқан
  • 10 жастағы қыз айқайлап жүгіріп шыққан
  • Ересектер жүгіріп келіп қарағанда, бөлмеде жалаңаш ер адам жатқан.

«Қызым бөлмеден көзінде қорқынышпен жүгіріп шықты. Ер адамдар жүгіріп барып, бөлмеге кірсе, төсекте жалаңаш ер адам жатыр екен. Ол оларды көре сала терезеден секіріп, қашып кетті. Біз дереу полиция шақырдық», – дейді жәбірленушінің анасы.

Күдікті — сол базаға орналасқан тұрғын

Полицияның мәліметінше, ер адам да сол базада демалып жатқан. Медициналық тексеріс нәтижесі бойынша оның жеңіл дәрежедегі мас күйде болғаны анықталған.

Алайда ата-аналар бұл жай ғана мас адамның әрекеті емес деп есептейді.

«Ол қалайша балалардың бөлмесіне кіріп, киімсіз жатуға батылы жетті? Біз оның психотроптық заттар қолданғанын тексеруді талап етеміз. Мұндай адамды жазасыз қалдыруға болмайды. Бұл – балалар үшін психологиялық жарақат», – дейді олар.

Ата-аналар не талап етеді?

Қыздардың екеуінің де ата-анасы полицияға ресми арыз түсірген.

Ата-аналардың талаптары:

  • Күдіктіні психотроптық заттарды қолдануға қатысты тексеру
  • Оқиғаға әділ құқықтық баға беру
  • Болашақта мұндай жағдайлардың алдын алу үшін демалыс базаларында қауіпсіздік шараларын күшейту. 
Серіктес жаңалықтары