27.07.2025, 17:47
Жаңалықтар
Қазақстанда дүйсенбі күні жаңбыр жауып, дауыл тұрады
Оңтүстікте шаңды дауыл тұруы мүмкін
Фото: © istockphoto.com
Қазақстанның басым бөлігінде алдағы күндері жаңбыр, найзағай мен қатты жел күтіледі.Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ел аумағын солтүстік-батыс циклоны шарпиды
2025 жылғы 28 шілде, дүйсенбі күні солтүстік-батыс циклоны мен оған ілескен атмосфералық фронттар елдің көптеген өңіріне жауын-шашын алып келеді.
- Солтүстікте – қатты жаңбыр,
- Жекелеген аймақтарда – қатты жел мен бұршақ,
- Түнгі және таңғы уақытта – тұман,
- Оңтүстік пен оңтүстік-батыста – құрғақ әрі ыстық ауа райы күтіледі.
«Оңтүстік-батыс өңірлерде жауын-шашын болмайды. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұруы мүмкін», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Шіліңгір шілде жалғасады
Кейбір облыстарда күн қатты ысып, +41…+42°С дейін жетеді.
Қатты ыстық күтілетін өңірлер:
- Жетісу облысының солтүстік-батысы мен орталығы
- Абай облысының оңтүстігі
- Алматы облысының батысы мен солтүстігі
- Жамбыл, Алматы, Абай, Шығыс Қазақстан облыстары – +35…+38°С аралығында
Сақтық шаралары:
- Далаға шыққанда қалпақ, көзілдірік, жеңіл киім киіңіз
- Күннің астында ұзақ болмаңыз, көлеңке іздеңіз
- Электр құрылғыларын шамадан тыс қоспаңыз
- Өрт қаупі жоғары – шөп жағуға, от жағуға тыйым салынады.
Көп оқылған
26.06.2026, 09:55
Павлодар облысында қалың қамыстың арасында аяғы сынып, екі күн дәрменсіз жатқан қария табылды (ВИДЕО)
26.06.2026, 16:12
«Ыстық бөлмеде қамап ұстап, ойыншық бермеген»: Тараздағы ерекше балалар орталығында дау шықты
26.06.2026, 11:06
Асхат Аймағамбетов: Қазақстандықтар енді зейнетақы жинағын 100 пайыз инвестициялық компанияларға бере алады
26.06.2026, 09:44
Қазақстан азаматы 1,8 млрд теңге ұрлап, Қырғызстанға қашып кеткен