$ 540.84  634.46  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтауда көшеде жалаңаш жүрген ер адам 5 тәулікке қамалды

28-шағын аудандағы оқиға полицияның назарына ілікті

Ақтауда көшеде жалаңаш жүрген ер адам 5 тәулікке қамалды
Фото: © istockphoto.com

2025 жылғы 22 шілдеде Ақтау қаласының 28-шағын ауданында жалаңаш жүрген ер адам полиция тарапынан ұсталды. Бұл іс Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Оқиға таңғы 10:00 шамасында №2 үйдің алдында болған. Куәгерлер түсірген бейнематериалдар әлеуметтік желіде тарап, қоғамның наразылығын тудырды.

Күдікті кінәсін мойындады

Сот отырысында азамат С. өз әрекетін мойындады. Полиция инспекторының рапорты, хаттама, DVD-дискіге жазылған бейнематериал және басқа да айғақтар сот шешіміне негіз болды.

«Сот қаулысымен азамат С. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі («Ұсақ бұзақылық») бойынша кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», – делінген Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз хабарламасында.

Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Ұсақ бұзақылық деген не?

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қоғамдық тәртіпті бұзатын, азаматтарға құрметсіздік білдіретін әрекеттер – ұсақ бұзақылық болып саналады. Бұған мыналар жатады:

  • Жалаңаш жүру
  • Бейәдеп сөз айту
  • Көше ортасында төбелес шығару
  • Қоқыс лақтыру, қоғамдық мүлікті бүлдіру.

Мұндай әрекетке ескерту, айыппұл немесе 5 тәулікке дейінгі әкімшілік қамау түріндегі жаза көзделген.

Серіктес жаңалықтары