Қазақстанға келген 85 мыңнан астам турист тегін интернетке қосылды
Мұндай карталарды демалыс орындарында туристік полицейлер де таратып жатыр

Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері шетелдік азаматтарға 85 мыңнан астам туристік карта таратқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24.kz-ке сілтеме жасап.
QR-код арқылы ақпарат алуға болады
Шетелдіктер шекарадан өткен бойда, оның ішінде халықаралық әуежайларда осы карталарды алып жатыр. Ондағы QR-код бірнеше тілде пайдалы ақпарат көзделген порталға сілтеме жасайды. Атап айтқанда, миграциялық есепке алу ережелері мен тіркеу және такси қызметі мен ұялы байланыс операторлары туралы мәліметтер бар.
Сондай-ақ шұғыл байланыс номерлері, полиция, жедел жәрдем, құтқару қызметтері де бар. Сонымен қатар мұндай карталарды демалыс орындарында туристік полицейлер де таратып жатыр.
1 гигабайт тегін беріледі
Мамандардың айтуынша, басты мақсат - шетелдік азаматтардың қауіпсіздігі.
«Карточкада 1 гигабайт тегін беріледі. Шетелден ұшып келген азаматтар осыны ұялы телефондарына қосады. Миграциялық заң бар, қалалық карта бар. Бұл жерде 4 тіл белгіленген. Қазақ, ағылшын, орыс және қытай тілі», - дейді Астана әуежайындағы ЖПБ көші-қон қызметі бөлімшесінің басшысы Фархат Отульшин.
ІІМ Көліктегі ПД басшысының орынбасары Оңдасын Аштаевтың айтуынша әрбір азаматтың, соның ішінде шетелдік қонақтар мен көліктің инфрақұрылымның қызметкерлерін қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты мақсат екенін атап өтті.
«Әрбір азамат өзін қауіпсіз және жайлы сезіну үшін жұмысымызды оңтайлы ұйымдастыруға күш салып жатырмыз», - дейді ол.