26.07.2025, 06:45
Жаңалықтар
Өскеменде жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жасөспірімді көлік қағып кетті
Оқиға кешкі уақытта Тоғас көшесінде болған
Фото: istockphoto.com
Өскемен қаласындағы Тоғас көшесінде 24 шілде күні кешке жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жасөспірімді көлік қағып кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі YK-news.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Lada Largus жүргізушісі кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен
Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Lada Largus көлігінің жүргізушісі Понтон көпірінен Аязбаев көшесіне қарай келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімге соқтығысқан.
Зардап шеккен бала ауруханаға жатқызылды.
Жол учаскесінің жарықтандырылуы жеткіліксіз
Куәгерлердің айтуынша, аталған жол бөлігінде жарық жеткіліксіз, бұл жол-көлік оқиғасының болуына әсер етуі мүмкін.
Қазір бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Көп оқылған
26.09.2026, 06:33
Тоқаев Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
26.09.2026, 07:41
26 қыркүйекте бірнеше өңірде үсік түсіп, жаңбыр жауады
26.09.2026, 17:01
27 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
26.09.2026, 08:27
Азия ойындары: Қазақстан құрамасы алтыншы күннің қорытындысы бойынша бес қола иеленді
26.09.2026, 11:04
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды