$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандық опера әншісі Италиядағы беделді байқаудың финалына өтті

Әйгерім Алтынбек – Портофинодағы әлемдік опера байқауының финалисі

Қазақстандық опера әншісі Италиядағы беделді байқаудың финалына өтті
Фото: madeniet__aqparat__ministrligi

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, опера әншісі Әйгерім Алтынбек 22-27 шілде аралығында Италияның Портофино қаласында өтіп жатқан XI халықаралық CLIP опера байқауының финалисі атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

32 жасқа дейінгі вокалистерге арналған әлемдегі ең беделді байқаулардың бірі саналатын бұл конкурсқа ондаған елден қатысушылар жиналады.

Биыл Әйгерім Алтынбек 50-ге жуық елден келген 92 үміткерді артта қалдырып, финалға өтті. Қазылар алқасының құрамында Ла Скала, Монте-Карло операсы және Колон театры сынды әлемнің жетекші театрларының өкілдері бар.

Әйгерім Алтынбек – халықаралық байқаулардың лауреаты, Ла Скала театрының жас орындаушылар бағдарламасының қатысушысы. Маусым айында ол Хосе Каррерас және Андреа Бочеллимен бір сахнада өнер көрсетті.

Серіктес жаңалықтары