$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.06.2020, 09:44
Жаңалықтар

Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев те оқшауланды

Ол коронавирус жұқтырған Елжан Біртановпен бір ұшақта болған

Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев те оқшауланды

Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев оқшауланып, жұмысын қашықтан істейтін болады. Ол бұған дейін вирус жұқтырған Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен байланыста болған.

Мағзұм Маратұлы өткен аптаның жұмасында Денсаулық сақтау министрімен бірге бір ұшақпен ұшқан. Сондықтан оқшаулануға мәжбүр болды.

«Министр тест тапсырды, нәтижесі – теріс, яғни вирус жоқ. Апта соңында тағы тапсырады. Ол барлық жиналысы мен келіссөздерін онлайн өткізіп жатыр», - деді министрліктің баспасөз хатшысы Самал Ибраева.

Айта кетейік, 12 маусымда премьер-министр Асқар Мамин Елжан Біртановпен бірге Жамбыл облысына барған болатын. Олар вакцина өндіретін зауыттың құрылысын бастап берген. Келесі күні Денсаулық сақтау министрі өзінің коронавирус жұқтырып алғанын мәлімдеді. Осыдан кейін премьер-министр, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Білім министрі Асхат Аймағамбетов пен Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров оқшауланды. Олардың бәрінің тесті теріс нәтиже көрсетті.

Серіктес жаңалықтары