$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да науқас тікұшақпен Өскеменге шұғыл түрде жеткізілді

«Қазавиақұтқару» пилоттары шұғыл көмекке мұқтаж әйелді тікұшақпен Өскеменге жеткізді

ШҚО-да науқас тікұшақпен Өскеменге шұғыл түрде жеткізілді
Фото: Видеодан скрин

Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазавиақұтқару» қызметінің пилоттары дәрігерлермен бірлесіп, шұғыл көмек қажет болған әйелді Ақжар ауылынан Өскемен қаласындағы ауруханаға жеткізді, деп хабарлады Azattyq Rýhy.

Ми-8 тікұшағымен шұғыл рейс орындалды

1982 жылы туған науқас әйелге шұғыл медициналық көмек қажет болған. Осыған байланысты ТЖМ-ға қарасты «МИ-8» тікұшағы жұмылдырылды. Ұшуды пилоттар Дулат Ахметов пен Азамат Қабден орындаған. Олар санитарлық авиация дәрігерлерімен бірге пациентті дереу жеткізді.

Ұшқыштар мен дәрігерлердің кәсібилігі – сәтті рейстің кепілі

«Мұндай шұғыл әуе тасымалдары жоғары кәсіби дайындық пен тәжірибені талап етеді. Экипаж бен дәрігерлердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында ұшу сәтті өтті. Әйел аман-есен ауруханаға жеткізілді», – делінген ТЖМ мәлімдемесінде.

Серіктес жаңалықтары