24.07.2025, 10:34
Жаңалықтар
Қазақстандық таэквондошы Универсиаданың екінші медалін жеңіп алды
Қазақстан таэквондо құрамасы Универсиаданы 1 алтын және 7 қола медальмен аяқтады
Фото: Olympic.kz
Германияда өтіп жатқан 2025 жылғы Дүниежүзілік Универсиадада Қазақстанның таэквондо құрамасы өз өнерін аяқтады. Жарыстың соңғы күнінде спортшылар ел қоржынына тағы екі қола медаль салды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Әйелдер командасы қола жүлдегер атанды
Командалық есепте әйелдер құрамасы жүлдегерлер қатарынан көрінді. Үшінші орынға ие болған спортшылар:
- Мария Севостьянова;
- Айша Әділбекқызы;
- Нұрай Хусвинова.
Аралас командалық сында да үздік үштікке енді
Қазақстан аралас командалар жарысында да қола жүлдеге қол жеткізді. Команда құрамында:
- Самирхон Абабакиров;
- Қаблан Бейбарыс;
- Назым Махмұтова;
- Айдана Сүндетбай.
Абабакиров – Универсиада чемпионы
Айта кетейік, Самирхон Абабакиров бұған дейін жекелей сында алтын медаль жеңіп алған болатын.
Жалпы нәтиже: 1 алтын, 7 қола
Осылайша, Қазақстан таэквондо құрамасы Универсиаданы 1 алтын және 7 қола медальмен аяқтады.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды