Павлодарда синтетикалық есірткі таратқан жастар ұсталды
Оларды тінту кезінде 277 грамнан астам дайын «синтетика» тәркіледі
Павлодар қаласында синтетикалық есірткі саудасымен айналысқан интернет-дүкен қызметкерлері ұсталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.
Полиция жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жастардан тұратын топ анықталып, қамауға алынды.
Есірткі саудасы қалай ұйымдастырылған?
Күдіктілер синтетикалық есірткілерді ірі көлемде сатып алып, оларды бөлшектеп орап, қала аумағында таратып отырған. Жастар психотроптық заттарды интернет-дүкен арқылы тұтынушыларға жеткізумен айналысқан.
Тінту кезінде тәртіп сақшылары 277 грамнан астам дайын «синтетика» есірткі затын тәркіледі. Бұл – сатуға дайын ірі партия саналады.
Дәлелдер мен айғақтар табылды
Күдіктілердің тұрғылықты жерінен полиция электронды таразы, есірткі орауға арналған материалдар тапты.
Қазіргі уақытта қылмыстық іске қатысы бар басқа тұлғалар да анықталу үстінде.
Қылмыстық іс қозғалды
Құқық қорғау органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша (есірткі немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу) іс қозғады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.