«Өзенге өткір хлор иісі бар сары сұйықтық төгілді»: Медеуде демалып жүрген жұрт дабыл қақты (ВИДЕО)
Медеу маңындағы өзенге ерекше түсті зат ағызылғаны видеоға түсіп қалды
Алматы қаласындағы Медеу ауданында өзенге сары түсті белгісіз сұйықтық төгілгені туралы видео әлеуметтік желілерде тарап кетті. Оқиғаның куәгерлері – демалып отырған тұрғындар – бұл сәтті бейнежазбаға түсіріп, желіге жүктеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ағынмен бірге өткір иіс те шыққан
Видеода сары түсті судың өзенге қарқынды түрде ағызылып жатқанын байқауға болады. Куәгерлердің айтуынша, иісі хлорға ұқсас болған.
«Біз өзен жағасында отыр едік. Кенеттен өткір иісі бар сары сұйықтық төгіле бастады. Қатты қорқып кеттік. Мұндай заттардың өзенге төгілуі қаншалықты заңды екенін және бұл нақты не екенін білгіміз келеді», – делінген жазбада.
Желі қолданушылары алаңдаулы
Жазба астында желі қолданушылары экология мен табиғи су көздерінің ластану қаупі туралы пікір қалдырып, жергілікті билік пен экология қызметтерінен ресми түсініктеме беруді талап етуде.