Алматы облысында күйеуінен қорлық көрген әйел адам үш баласымен далада қалды
Отбасылық зорлық-зомбылықтан қашқан әйел көмек сұрады
жасалатын зорлық-зомбылық туралы хабарлап, көмек сұраған. Әйел кәмелетке толмаған үш баласымен бірге далада қалғанын айтып, өз өмірі мен балаларының қауіпсіздігіне алаңдады. Оларға полиция қызметкерлері көмек көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция дер кезінде әрекет етті
Дабыл түскен соң оқиға орнына бірден Әуезов ауданының полиция қызметкерлері жетті. Тәртіп сақшылары әйелмен сөйлесу кезінде күйеуі жиі ішімдік ішіп, отбасында жанжал шығаратынын, тіпті түн ортасында да тыныштық бермейтінін анықтады.
«Біз әрбір көмекке шұғыл жетеміз, себебі әйелдер мен балалардың қауіпсіздігі – басты басымдық. Бұл жолы да мүмкін қайғылы жағдайдың алдын алдық. Әйелге заң тұрғысынан көмек көрсетілді, қорғау шаралары қабылданды», — деді Әуезов аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәурен Майлықбаев.
Ана мен балаларына уақытша баспана берілді
Полиция қызметкерлері ана мен оның үш баласын арнайы дағдарыс орталығына орналастырды. Орталықта олар уақытша баспанамен, медициналық және психологиялық көмекпен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, құқықтық қолдау көрсетіліп, алдағы уақытта да қорғау шаралары жалғасады.
Тұрмыстық зорлықпен күрес – мемлекет міндеті
Маусым айында өткен құқық қорғау органдарының алқа отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрестің маңыздылығын атап өткен болатын. Мемлекет басшысы әйелдер мен балаларды қорғау – аса маңызды міндет екенін, бұл бағытта заңнамалық және институционалдық өзгерістер жасалып жатқанын айтты.
Сондай-ақ, «Қазақстан балалары» атты жаңа бағдарлама әзірленіп жатқаны белгілі болды. Бағдарлама аясында балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа механизмдер іске қосылады.