$ 531.96  622.45  6.79
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Аяқсыз қалды»: Шерзаттың ісін зерттеген адвокат марқұм Нұрқанатқа қатысты тың ақпарат жариялады

Ол дәрігер Бауыржан Абдрахманов жайлы айтып өтті

«Аяқсыз қалды»: Шерзаттың ісін зерттеген адвокат марқұм Нұрқанатқа қатысты тың ақпарат жариялады
Фото: zoon.kz

Марқұм Шерзаттың Полаттың ісін зерттеген танымал адвокат Мейірман Шекеев марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевқа қатысты тың дерек жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Адвокаттың айтуынша, марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың ісінде толық тексерілмеген жағдайлар кездеседі.

«Нұрқанаттың анасының айтуы бойынша, сол күні доктор (Бауыржан Абдрахманов) Қаржаубайдың отбасына қатысты  бейне жазба жариялаған көрінеді. Жәбірленуші ретінде танылған Жұмабике ханымның доктордан жауап алып, жазаға тарту туралы арызы аяқсыз қалған. Бұдан бөлек күмән келтіретін жәйттар ҚПК 24-бабына сәйкес толық тексерілмеген», – деп жазды Мейірман Шекеев.

Айта кетейік, қоғамды дүр сілкіндірген жасөспірім Шерзат Полаттың оқиғасынан кейін шамамен екі айдан кейін немере ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың көз жұмғаны хабарланған. Нұрқанаттың өлер алдындағы соңғы хаты желіге тарап кеткен болатын.

Серіктес жаңалықтары