«Жылдамдату керек»: QARMET компаниясы газға қашан көшетіні белгілі болды
Тамызда олар 3 домна пешін газға ауыстырмақшы

QARMET компаниясының бас директоры Вадим Басин компания газға көшуді кезеңдеп жүзеге асыруды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов QARMET директорынан компания қашан газға көшетінін сұрады. Басиннің айтуынша, қазір сыртқы газбен жабдықтау жүйесі бойынша тиісті жұмыс атқарылып жатыр.
«Шілденің соңына дейін сыртқы газбен жабдықтауды аяқтап, тамызда газбен жұмыс істеуге көшудің алғашқы кезеңін бастаймыз. Ол үш домна пеші газға көшеді деген сөз. Ал жыл соңына дейін 300 млн куб метр газды өндіріске алуды жоспарлап отырмыз. Мазутты алмастырып, кокс тұтынуды тоннасына 100 келі шойынға алмастыруды міндет етіп отырмыз. Осы мақсатқа жетсек, жақсы көрсетпек болмақ», - деді Басин.
Олжас Бектенов өндірістің тиімділігін арттыру мен экологиялық тұрғыдан бұл өте маңызды процесс екенін айтып, бұл жұмысты жылдамтату керегін айтты.