$ 531.96  622.45  6.79
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Цифрлық көшпенділер: Алжир мен Ботсвана азаматтары Қазақстанда бір жыл жұмыс істей алады

Олар мамандықтары аясында жұмыс істейді 

Цифрлық көшпенділер: Алжир мен Ботсвана азаматтары Қазақстанда бір жыл жұмыс істей алады
Фото: istockphoto.com

Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев цифрлық көшпенділерге арналған мамандандырылған виза жайлы айтты, деп хабарлады Azattyq Rýhy.

Бағдарлама Қазақстанда өз мамандығы бойынша бір жыл мерзімде жұмыс істеуге және елде әрі қарай тұруға ықтияр хат алуға мүмкіндік береді.

«Ол онлайн рәсімделеді және ел аумағында алғаш рет цирфлық көшпенділердің еңбек қызметін заңдастырады. Бағдарламаға қатысуға 204 өтінім келіп түсті. Алжир мен Ботсвана азаматтарына алғашқы екі виза берілді. Бұл бағдарламалар цифрлық таланттарды тартуға бағытталған технологиялық көші-қон саясатын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам», - деді Жаслан Мәдиев.

Өз кезегінде премьер-министр Олжас Бектенов нақты реттелетін көші-қон саясатын қалыптастыру маңызды екенін атап өтті.

 

 

 

Серіктес жаңалықтары