$ 538.64  631.56  6.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Абай облысының тұрғыны онлайн сатып алған телефоны үшін төленген ақшасын қайтарып алды

Мәселе тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті араласқаннан кейін барып шешілді

Абай облысының тұрғыны онлайн сатып алған телефоны үшін төленген ақшасын қайтарып алды
Фото: istockphoto.com

Абай облысының Семей қаласының тұрғыны интернет-дүкеннен ақаулы смартфон сатып алып, кейін тауар құнын толық көлемде қайтарып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

200 мың теңгеге алған смартфон істен шыққан

Тұрғынның айтуынша, смартфон сатып алынғаннан кейін көп ұзамай техникалық ақаулар пайда болған. Атап айтқанда, байланыс сигналы жиі жоғалып, қоңырау шалу кезінде шу пайда болған.

Сатып алушы тауарды қайтарып, ақшасын талап еткен. Алайда сатушы бір жарым айға жуық жауап бермей жүріп, ақырында қанағаттандырмайтын жауап жолдаған. Осы жағдайдан кейін тұтынушы жаңа смартфон сатып алуға мәжбүр болған.

Департамент араласып, мәселе шешілді

Азаматтың шағымы Абай облыстық Сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне келіп түсті. Мекеме өкілдері сатушымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңдағы келесі тармақтарды еске салды:

  • 15-бап, 6-тармақ: тұтынушы шартты бұзып, ақшасын қайтарып алуға құқылы;
  • 30-бап, 2-тармақ: ақауы бар тауар қайтарылуы немесе жаңасына ауыстырылуы тиіс. Бұл ретте тауарға сараптама жасау шығындары сатушының мойнында.

Сатып алушының құқығы қорғалды

Түсіндіру жұмысынан кейін жеке кәсіпкер тұтынушы талабын толықтай орындап, смартфонды кері қабылдады; бөліп төлеу арқылы төленген 200 000 теңгені тұтастай қайтарды.

Серіктес жаңалықтары