$ 531.96  622.45  6.79
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да қамауда отырғандардың құқығы бұзылғаны анықталды

ШҚО прокуратурасы азаматтардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуде

ШҚО-да қамауда отырғандардың құқығы бұзылғаны анықталды
Фото: istockphoto.com

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы «Заң және Тәртіп» республикалық акциясы аясында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіп жатыр. Бұл жұмыс әсіресе қоғамнан оқшауланған жағдайда ұсталған тұлғалардың заңды құқықтарын қорғауға бағытталған. Облыста қамауда отырғандарды ұстау бойынша заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Уақытша ұстау изоляторларындағы жағдай тексерілді

Аталған акция аясында Өскемен қаласының прокуратурасы уәкілетті органдардың мамандарын қатыстыра отырып, уақытша ұстау изоляторларындағы (УҰИ) ұстау шарттарын жоспарлы түрде тексерді.

Қанша адам ұсталды және не анықталды?

2025 жылдың басынан бері құқық қорғау органдары 138 адамды ұстаған. Оның 97-сіне қатысты сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.

Тексеру барысында санитарлық-тұрмыстық жағдайлар мен ұстау режиміне байланысты бірнеше заңбұзушылық анықталды.

Жауапты тұлғалар жазаланды

Прокуратура қабылдаған қадағалау шаралары нәтижесінде заң талаптарын бұзған лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Құқық қорғау жұмыстары жалғасады

ШҚО прокуратурасы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау бағытындағы жұмысын жүйелі түрде жалғастыратынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары