19.07.2025, 11:38
Жаңалықтар
Қызылордада екі жастағы бала анасымен бірге лифтте қамалып қалды
Құтқарушылар көмекке келіп, есікті арнайы құралмен ашты
Фото: © istockphoto.com
Қызылорда қаласында жас ана мен екі жастағы сәби лифт ішінде қалып қойған. Бұл туралы ақпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram арнасында пайда болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 112 қызметіне техникалық ақаудан кейін лифттің тоғызыншы қабатта тұрып қалуытуралы хабарламадан басталған. Шұғыл әрекет еткен құтқарушылар арнайы құралдың көмегімен лифт есігін ашып, ананы баласымен аман-есен сыртқа шығарды.
«Жедел жеткен мамандар лифт ішіндегі екі адамды қауіпсіз сыртқа шығарды. Медициналық көмек қажет болмады», – делінген ТЖМ таратқан ақпаратта.
Құтқарушылар қандай кеңес береді?
Мұндай жағдайларда қорықпай, төмендегі ережелерді сақтау маңызды:
- Сабыр сақтаңыз, қасыңыздағы адамдарды тыныштандырыңыз
- Диспетчермен байланысқа шығыңыз – лифт кабинасында байланыс түймесі немесе нөмір болуы мүмкін
- Барлық түймені қатар баспаңыз – бұл жүйенің жұмысын қиындатуы мүмкін
- Есікті өз бетіңізше ашуға тырыспаңыз
- Телефон, дыбыс немесе желі арқылы көмек сұраңыз.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді