«Өткізіп жіберіңдерші!»: Маржан Арапбаеваның бір тойханадан екіншісіне жүгіріп бара жатқан сәті видеоға түсіп қалды
Ол көліктер ағылып жатқан жолдан кесіп өткен

Белгілі әнші Маржан Арапбаеваның бір тойханадан екіншісіне жүгіріп бара жатқан сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видео әлеуметтік желіде тарады.
«Қараңдар, «Хан сарайы» тойханасынан шығып, көршілерге – «Аружан Плазаға» бара жатырмыз», - дейді өнерпаз видеода.
Ол көліктер ағылып жатқан жолдан кесіп өтіп бара жатып: «Өткізіп жіберіңдерші!» деп айғайлағаны естіледі. Тойханаға жақындай бергенде: «Аза, дереу музыканы қосшы!» деп қасындағы жігіттердің біріне нұсқау берген.
«Ақша ғой, ақша! Аяқ астынан көрші мейрамханадан шақырту алған. Содан жүгіріп жүр», «Екі тойға бірден кіріп шығайын деген шығар», «Дұрыс, уәде берген соң уақытында бару керек», «Бұл қызға бәрі жарасады, өте жақсы көремін», - деп жазды желі қолданушылары.
Еске сала кетейік, бұған дейін Маржан Арапбаева бір күнде 5 тойға шақырту алғанын, тамақ ішуге уақыты болмайтынын айтқан еді. Әнші көлікте ет жеп отырғанын айтты.
«Тамақ ішуге уақытымыз жоқ. Көкшетаудағы тойға барып келдік, қазір Астанадағы бес тойға барамыз. Үлгереміз бе, үлгермейміз бе, білмеймін. Кеттік», - дейді әнші видеода.