$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

43 градусқа дейін ыстық болады: 19 шілдеде Қазақстанда дабылды ескерту жарияланды

Жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады

43 градусқа дейін ыстық болады: 19 шілдеде Қазақстанда дабылды ескерту жарияланды
Фото: istockphoto.com

Синоптиктер 19 шілдеде Қазақстанның 17 өңірінде дабылды ескерту жариялады, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, жел соғады, шаңды дауыл көтеріліп, 43 градусқа дейін ыстық болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен күндіз 15-20 м/с жел соғады.

Ақмола облысында түнде солтүстікте, оңтүстікте және шығыста қатты жаңбыр жауады. Түнде және күндіз найзағай ойнайды, солтүстік пен шығыста бұршақ жауады, дауыл соғады. Солтүстікте, оңтүстікте және шығыста 15-20 23 м/с жел соғады, кей жерлерде екпіні 23 м/с жетеді. Батыста, солтүстікте және оңтүстікте өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Көкшетауда түнде және таңертең қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл соғады. Найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде шығыс пен оңтүстікте қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл соғады. Солтүстікте, шығыста және оңтүстікте түнде найзағай ойнайды, күндіз солтүстік пен шығыста найзағай ойнап, бұршақ жауады. Батыста түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстікте, шығыста және оңтүстікте 15-20 м/с, күндіз шығыс пен оңтүстікте 25 м/с жел соғады. Оңтүстікте өрт қаупі әлі де жоғары. Петропавлда түнде найзағай ойнайдыі. Желдің екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысында түнде солтүстікте, шығыста және оңтүстікте найзағай ойнайды. Батыста түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Оңтүстік-батыста төтенше, оңтүстік-шығыста жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысында күндіз шығыста қатты жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл соғады. Түнде батыста, солтүстікте, шығыста күн күркірейді, күндіз облыс аумағында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, солтүстік, оңтүстік-шығыстан екпіні 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жел соғады. Оңтүстікте күндіз +35 ... +36 ыстық болады. Орталықта, солтүстікте және шығыста жоғары, батыс пен оңтүстікте өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда найзағай ойнайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында түнде және таңертең солтүстікте және шығыста найзағай ойнайды. Солтүстіктен жел соғады, күндіз солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Оңтүстікте, шығыста, орталықта төтенше, солтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда желдің екпіні 15-18 м/с жетеді. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысында күн күркірейді, оңтүстікте, батыста, солтүстікте қатты жаңбыр жауады. Күндіз бұршақ жауып, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Оңтүстік пен шығыста жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында күн күркіреп, дауыл соғады, батыста, солтүстікте және шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады: түнде солтүстікте 15-20 м/с, күндіз батыста, солтүстікте, шығыста екпіні 15-25 м/с. Күндіз қатты +35...+37 градус ыстық болады. Оңтүстік пен шығыста жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы +35…+37.

Абай облысында таңертең және күндіз батыста, солтүстікте, орталықта найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады, күндіз батыста, солтүстікте және орталықта екпіні 23-28 м/с. Күндіз +35...+37 ыстық болады. Солтүстік-батыста және орталықта жоғары, оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні 17-22 м/с. 35 градус ыстық болады.

Ақтөбе облысында орталықта және оңтүстікте өте жоғары өрт қаупі сақталады. Солтүстік-батыс пен солтүстік-шығыста жоғары өрт қаупі бар.

Атырау облысында күндіз +35...+39 қатты ыстық болады. Шығыста және оңтүстікте өте жоғары, солтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда +36...+38 ыстық болады. Өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында күндіз +35 қатты ыстық болады. Батыста өте жоғары, қалған аймақтарда жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз солтүстік-батыста екпіні 15 м/с жетеді. Күндіз +38…+40 ыстық. Төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында таулы аймақтарда найзағай ойнайды. Күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, тауларда екпіні 15-20 м/с жетеді. Алматыда 19-21 шілде аралығында күндіз +35...+38 қатты ыстық сақталады.

Жетісу облысында таулы аймақтарда найзағай ойнайды. Күндіз шығыста оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысында таулы аймақтарда найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, тауларда екпіні 15-20 м/с. Күндіз +39...+42 қатты ыстық болады. Батыста, оңтүстікте және шығыста төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда аптап ыстық болады – +38...+40. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз +40...+43 аптап ыстық болады. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары