Айгүл Иманбаеваның отбасылық өмірі мен шығармашылық жаңалықтары бұған дейін де желі қолданушылары арасында қызу талқыға түскен
Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева күйеуі сыйлаған көлігін көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Актриса Instagram-дағы парақшасында АҚШ-та жаңа көлікпен жүрген видеосын жариялады.
Иманбаева қазір «Болашақ» бағдарламасы бойынша Лондонда оқып жүргенде танысқан күйеуімен АҚШ-та тұрып жатыр.
«Мен сыйлық ретінде Lamborghini сұрадым, бірақ күйеуім әзірге Tesla сатып алды. Бірақ ол бәрібір Lamborghini әперемін деп уәде берді!», - дейді Айгүл видеода.
Айгүл Иманбаеваның отбасылық өмірі мен шығармашылық жаңалықтары бұған дейін де желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсіп жүрген болатын. Мысалы, Макияжсыз дүкен аралаған актриса Айгүл Иманбаеваны халық танымай қалған. Ал одан бұрын ол жүкті екенін мойындады. Сонымен қатар адамның дамуы үшін қажетті деп санаған үш түрлі кеңесін жұртқа жеткізді. Баян Алагөзова әнші Айгүл Иманбаеваны шоу-бизнесте атын шығару үшін қандай әрекеттерге барғанын айтып, еске алды. Ал одан бұрын Айгүл Иманбаева Ақботаның тойында алған сыйлықтарымен мақтанды. Оған дейін оның күйеуімен бірге түскен видеосы жұртты ұялтты.