$ 529.44  617.06  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тайваньдықтар Рахымжан Жақайымның әніне билеп жүр (ВИДЕО)

Тайбэй қаласының тұрғындары қазақ әнінің ырғағымен жаттығу жасады

Тайваньдықтар Рахымжан Жақайымның әніне билеп жүр (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Тайбэй қаласының тұрғындары таңертең ерте қазақ әнінің ырғағымен жаттығу жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Отандасымыз түсіріп алған видеодан жаттығу кезінде қазақ әншісі Рахымжан Жақайымның орындауындағы «Сен маған массың» әні шырқалып тұрғанын байқауға болады.

Айта кету керек, бұл ән бұған дейін TikTok желісінде кеңінен тараған болатын: қытайлық және басқа да Азия елдерінің қолданушылары әнге билеп, видео түсірген болатын.

Хит әнді қазір әлеуметтік желілерден ғана емес, көшеден де естуге болады.

Қазақстандықтар қазақ музыкасының әлемге танылғанына өте қуанышты екенін білдіріп жатыр.

«Музыкада шекара жо», «Қазақ пен Тайвань бір-біріне ұқсайды», «Бүкіл Тайвань біздікі», - деп жазды желі қолданушылары.

Серіктес жаңалықтары