16.07.2025, 15:13
Жаңалықтар
Азық-түлік пен қызмет бағасы қымбаттады: маусым айында инфляция 11,8%-ға жетті
Айлық есеп бойынша, 2025 жылғы маусымда жалпы инфляция өсімі – 0,8% құрады
Фото: istockphoto.com
2025 жылғы маусым айында Қазақстанда жылдық инфляция деңгейі 11,8%-ды құрады. Бұл – мамыр айындағы 11,3%-дан жоғары. Елдің 18 өңірінде бағаның жылдық өсімі жеделдесе, бір өңірде баяулап, тағы бірінде тұрақты күйде қалған,деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлағандай, маусым айында азық-түлік тауарлары жылдық мәнде 10,6%-ға қымбаттады (мамырда – 9,6%).
Ең жоғары өсім:
- Ақмола облысында – 12,5%,
- Ал ең төменгі көрсеткіш – Алматы қаласында – 8,7%.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы жылдық мәнде 9,4%-ға өсті (мамырда – 9,0%). Бұл бағытта:
- Ең жоғары өсім – Түркістан облысында – 12,5%;
- Ең төменгі өсім – Павлодар облысында – 6,3%.
Маусымда ақылы қызметтер бағасы жылдық есепте 16,1%-ға көтерілді (мамырда – 16,0%). Дегенмен, Маңғыстау облысында бұл көрсеткіш жалпы республикалық деңгейден төмен – 10,1% болды.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 12:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды