$ 540.18  628.93  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағанды облысында банк қызметкері ретінде таныстырған әйел жұрттың 200 млн теңгесін жымқырып кетті

Ол 1,5 жыл бойы «несиелеріңізді мерзімінен бұрын жаптыруға көмектесемін» деп уәде берген

Қарағанды облысында банк қызметкері ретінде таныстырған әйел жұрттың 200 млн теңгесін жымқырып кетті
Фото: istockphoto.com

Қарағанды облысында 31 жастағы әйелге қатысты аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша тергеу аяқталуға жақын. Ол өзін Ұлттық банк қызметкері ретінде таныстырып, 200 млн теңгеге жуық қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бір жарым жыл бойы жалған уәделер берген

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, әйел адам бір жарым жыл бойы азаматтарға «несиелеріңізді мерзімінен бұрын жаптыруға көмектесемін» деп уәде берген. Алайда бұл уәделердің астарында алаяқтық схема тұрғаны анықталды.

98 алаяқтық эпизод тіркелді

Күдікті азаматтардың сеніміне кіріп, олардың атына екінші деңгейлі банктерден бірнеше несие рәсімдеген. Нәтижесінде 98 эпизод бойынша алаяқтық фактілері тіркеліп, жалпы келтірілген шығын көлемі 200 миллион теңгеден асқан.

Қылмыстық іс сотқа жолданбақ

Жедел-тергеу тобының үйлесімді жұмысының арқасында бұлтартпас айғақтар жиналып, қазіргі таңда іс сотқа жолдануға дайындалып жатыр. Күдіктіге қатысты үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

Полиция ескерту жасайды

Полиция департаменті азаматтарға алаяқтықтан сақтану үшін келесідей кеңес береді:

  • Қаржылық қызметтер туралы ұсыныстарды тек ресми дереккөздерден тексеріңіздер;
  • Өзін банк немесе өзге қаржы ұйымының қызметкері ретінде таныстыратын адамдарға сақтықпен қараңыздар;
  • Алдын ала төлем талап ететін қызметтерге сенбеңіздер;
  • Күмәнді жағдай туындаған жағдайда бірден полицияға хабарласыңыздар.

Тәртіп сақшылары алаяқтықтың алдын алу үшін азаматтардың өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы және құқық қорғау органдарымен бірлесе әрекет етуі маңызды екенін ескертеді.

Серіктес жаңалықтары