16.07.2025, 14:57
Жаңалықтар
Абай облысында қызметкерлерін таспен атып, қуып жүрген полиция бастығы жұмысынан қуылды (ВИДЕО)
Жағымсыз оқиғаның қайда болғаны анықталды
Фото: Видеодан скрин
Абай облысында қызметкерлерін айырсадақпен (рогатка) атып, қуып жүрген полиция бастығы жұмысынан қуылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жағымсыз оқиға Жарма ауданына қарасты Шар қаласында болды. Оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаменті агенттік тілшісіне түсініктеме берді.
«Полиция департаменті қызметтік тексеруді аяқтады. Тәртіптік комиссияның шешімі бойынша Жарма ауданына қарасты Шар қалалық полиция бөлімінің бастығы қызметтік этика нормаларын бұзғаны үшін атқарып отырған лауазымынан босатылды», – делінген облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.
Айта кетейік, осыған дейін желіде оқиғаның видеосы тарап, қоғам тарапынан сынға ұшыраған болатын.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 15:10
26 қазан күні ауа райы қандай болады
25.10.2026, 12:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды