16.07.2025, 11:37
Жаңалықтар
Жамбыл облысында 233 млн теңгенің темекісі тәркіленді
Темекі өнімдерін Қазақстан аумағына жүк арасына жасырып өткізбек болған
Фото: ҰҚК
Жамбыл облысындағы «Қарасу» автокөлік өткізу пунктінде 11 шілде күні шекара қызметінің мамандары ірі көлемде заңсыз темекі тасымалының жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құжатсыз жүк пен жасырын тасымал
ҰҚК-ның мәліметінше, темекі өнімдерін Қазақстан аумағына ілеспе құжаттарсыз, тасымалданатын жүк арасынан жасырып өткізуге әрекет жасалған.
Тәркіленген өнім көлемі – 466 мың қорап темекі.
Заңсыз тауардың алдын ала құны – 233 млн теңге
Мамандардың алдын ала бағалауы бойынша, тәркіленген темекінің жалпы нарықтық құны 233 миллион теңгеден асады.
Жүк тиісті органдарға берілді
Ұсталған заңсыз жүк одан әрі процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органға тапсырылды.
Көп оқылған
08.07.2026, 17:14
Сталкинг пе, қылмыс па: Атырауда әйел адам экс-сүйіктісінен қашамын деп өзі сотталып кетті (ВИДЕО)
08.07.2026, 10:40
Шығын – 2 млрд теңге: Қарағанды облысында темір кенін заңсыз өндіріп, шетелге сатқандар сотталды
08.07.2026, 09:52
ҚТЖ басшысы қызметінен босатылды
08.07.2026, 15:58
Теңге нығайып келе ме: 8 шілдеге арналған доллар бағамы жарияланды
08.07.2026, 09:08
Жоғарғы соттың төрағасы тағайындалды