$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Аллергия тудыруы мүмкін мектеп формасы емін-еркін сатылып жатыр

Оның қандай материалдардан тігілетіні белгілі болды

Аллергия тудыруы мүмкін мектеп формасы емін-еркін сатылып жатыр
Фото: t.me/shot_shot/

Ресейдің ірі киім сатушысы Gloria Jeans ұсынған «мектепке арналған топтама» деп белгіленген киімдер балалар денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі SHOT Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл киімдер дүкен сайтында мектеп формасы ретінде көрсетілгенімен, олардың эпизодтық қолдануға арналғаны жазылған. Яғни оларды ұзақ уақыт киюге болмайды: аптасына екі рет және төрт сағаттан артық уақыт киюге тыйым салынады. Ал мектепте балалар, әдетте, күніне 6 сағаттан артық жүреді.

Неліктен бұл қауіпті?

Мұндай киімдер ауа өткізгіштігі төмен, ылғалды нашар сіңіретін материалдардан тігіледі. Дүкен өкілдері бұл киімдердің күнделікті мектеп формасы ретінде арналмағанын растап отыр. Оларды ұзақ кию теріде бөртпе, тітіркену, аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін.

2025 жылдан бастап жаңа талаптар күшіне енеді

Ресейде 2025 жылғы 1 шілдеден бастап мектеп формасына қойылатын жаңа мемлекеттік стандарт күшіне енеді. Онда киімнің ауа өткізгіштігі, тозуға төзімділігі және жууға шыдамдылығы секілді қатаң талаптар белгіленген. Сонымен қатар, материалдың химиялық қауіпсіздігі де маңызды талаптардың бірі ретінде қарастырылған.

Айта кетейік, аталмыш компанияның киім-кешектері Қазақстанда да сатылады.

Серіктес жаңалықтары