$ 539.55  627.55  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұлытау облысында шенеунік құмар ойын ойнап, бәс тіккені үшін жұмысынан қуылды

Оның құмар ойынға 16 млн теңге салғаны анықталды

Ұлытау облысында шенеунік құмар ойын ойнап, бәс тіккені үшін жұмысынан қуылды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Ұлытау облысында мемлекеттік қызметші құмар ойындарды жүйелі түрде ойнағаны үшін жұмысынан қуылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мемқызметшілерге құмар ойын ойнауға тыйым салынған

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы бойынша мемлекеттік қызметкерлерге телекоммуникациялық желілер (интернет) арқылы, құмар ойындарға және бәс тігуге (ставка жасауға) қатаң тыйым салынған.

Сәтбаев қаласы әкімдігінің қызметкері ереже бұзған

Прокурорлық талдау нәтижесінде Сәтбаев қаласы әкімдігінің бас маманы осы заң талаптарын жүйелі түрде бұзғаны анықталды.

Ол «1XBET» және «OLIMPBET» букмекерлік кеңселері арқылы жалпы сомасы 16 миллион теңгеге жуық қаржыны құмар ойындарға жұмсаған.

Қызметінен босату туралы шешім қабылданды

Анықталған заң бұзушылық негізінде прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Оның қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылды.

Серіктес жаңалықтары