$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бес жылдан кейін әрбір бесінші тауар онлайн сатып алынады – Сауда министрлігі

Кейінгі бес жылда электронды сауда бөлшек сауданың барлық көлемінің 14,1% құрады

Бес жылдан кейін әрбір бесінші тауар онлайн сатып алынады – Сауда министрлігі
Фото: istockphoto.com

Сауда және интеграция министрлігі бес жылдан кейін Қазақстанда әрбір бесінші тауар онлайн сатып алынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Электронды сауда көлемі 7 есе өсті

Пәкістанда өтіп жатқан «Электронды коммерция арқылы логистика мен бизнеске қол жеткізу» халықаралық саммитінде электрондық және биржалық сауда департаментінің директоры Ғалия-Бану Мейірбаева цифрлық сауда саласында қол жеткен негізгі нәтижелерді көрсететін презентация ұсынды. Ол цифрлық шешімдерді енгізу сыртқы сауда операцияларының тиімділігін айтарлықтай арттыруға және клиенттік сервистің сапасын жақсартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қазақстан e-commerce секторында айтарлықтай өсім көрсетті. Соңғы бес жылда электронды сауда көлемі жеті есеге ұлғайып, 3,2 трлн теңгеге жетті, бұл бөлшек сауданың барлық көлемінің 14,1% құрайды.

«Саланың әрі қарай өсу әлеуеті зор. Бізде жоғары цифрлық қолжетімділік, дамыған финтех-инфрақұрылым және 8 миллионнан астам белсенді пайдаланушы, яғни жастар бар. Біз 5 жылдан кейін әрбір бесінші сатып алу онлайн режимінде жүзеге асырылады деп жоспарлап отырмыз. Ол үшін биылғы жылдың наурыз айында электронды сауданы дамыту жоспары бекітілді», - деп атап өтті Ғалия-Бану Мейірбаева.

Басымдықтардың қатарында заңнаманы жетілдіру, халық үшін білім беру бастамаларын іске қосу, кәсіпкерлер үшін қаржылық қолдау шараларын енгізу және заманауи логистикалық инфрақұрылымды дамыту бар.

Трансшекаралық сауда оңайлатылады

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және нарықтың барлық қатысушысы үшін тең жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Спикер өз сөзінде Қазақстанның ДСҰ, БҰҰ, ШЫҰ, ЕАЭО секілді халықаралық алаңдарда трансшекаралық сауданы оңайлату және қолайлы цифрлық орта құру бағытында  белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын еске салды.

Серіктес жаңалықтары