$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда әйел адам оқушы қызды соққыға жыққан

Қыз 13 жаста

Павлодарда әйел адам оқушы қызды соққыға жыққан
Фото: pixabay

11 шілде күні Павлодар қаласының орталығында күндізгі уақытта әйел адам 13 жастағы мектеп оқушысына шабуыл жасаған. Куәгерлердің айтуынша, ол жасөспірімнің артынан келіп, шашынан тартып құлатып, дене жарақатын салған. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Оқушы ем қабылдап жүрген

Әлеуметтік желіде тараған мәліметтерге сәйкес, шабуылға ұшыраған қыз бала 7 жасынан бері ем қабылдап жүрген. Дегенмен:

  • Үздік оқушы
  • Қоғаммен жақсы араласатын
  • Даулы жағдайлардан аулақ жүретін жасөспірім.

Полиция күдіктінің кім екенін анықтады

Оқиғаға қатысты Павлодар облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы балалар құқығы жөніндегі уәкіл Сауле Шакенова түсініктеме берді.

«Кәмелетке толмаған қызға дене жарақатын салды деген күдікке ілінген әйелдің жеке басы анықталды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 109-1-бабы, 2-бөлігі бойынша іс қозғалды», – деді Сауле Шакенова.

Қыз балаға психологиялық көмек көрсетілді

  • Оқушыға психолог мамандардың көмегі ұсынылды
  •  Іске қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды
  • Оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жалғасуда.
Серіктес жаңалықтары