15.06.2020, 00:27
Жаңалықтар
Бейжіңде 80-нен астам адамнан коронавирус анықталды
Қытай астанасында COVID-19 инфекциясының жаңа ошағы табылды
Фото: ашық дереккөзден
Бейжіңде COVID-19 жұқтырған 80-нен астам адам тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҰҰ Жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
«Коронавирус жұқтырғандардың барлығы оқшауланды. Олармен байланыста болғандар анықталып жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдың денсаулық сақтау органдарымен тығыз байланыста», - деп жазылған хабарламада.
Сайттың хабарлауынша, вирустың ошағы Бейжіңдегі көтерме базар болуы мүмкін.
«Қытай дәрігерлері ДДСҰ-ға 87 адамның вирус жұқтырғанын хабарлады. Олардың 41-інде ауру белгілері болса, 46-сында симптомсыз жағдай анықталған. ДДСҰ сарапшылары Қытай билігінен қосымша ақпарат сұратты», - деп жазылған хабарламада.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 16:26
Теміртауда бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
13.11.2026, 12:22
Қазақстандықтар 17 қарашада интернетсіз және азық-түліксіз қалуы мүмкін бе: министрліктер жауап берді
13.11.2026, 14:26
Ақтауда машина жарылып, газ баллоны аспанға ұшып кетті
