Дәрігер аптап ыстықта тез ұйықтап қалудың ерекше жолдарын атады
Ұйқы үшін дененің температурасын төмендету қажет.

Терапевт Амир Хан аптап ыстықта қалай тез ұйықтап қалуға болатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы дәрігер Daily Mirror басылымына айтып берді.
Оның айтуынша, ұйқы үшін дененің температурасын төмендету қажет. Қалыпты жағдайда ағза мұны өздігінен жасайды, бірақ ыстықта оған көмектесу артық етпейді. Бір жолы – желдеткіштің алдына мұз салынған тостаған қою.
«Осылайша ауаны салқындатып, қарапайым, бірақ тиімді ауаны баптау жүйесіне қол жеткізуге болады», - деп түсіндірді дәрігер.
Хан сондай-ақ түнде мұздатылған шұлық киюге кеңес берді. Ол үшін ұйқыға жатардан бір сағат бұрын шұлықты пакетке салып, мұздатқышқа салу керек.
Оның айтуынша, салқындатылған шұлық дене температурасын төмендетіп, тез ұйықтауға көмектеседі.
Еске сала кетейік, бұған дейін дәрігерлер аптап ыстықтан қорғанудың жолдарын жария еткен болатын. Мұндай ауа райында таңертең жұмысқа шығар алдында душ қабылдау керек. Сондай-ақ ауа райына сәйкес киіну керек. Тар немесе тырысып тұратын киімдерді таңдамаған абзал, ең дұрысы ақшыл түсті, жеңіл, кең тұратын және ауа өткізетін матадан тігілген киімдер киген жөн.