$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жексенбі күні Астанада бірнеше көше жабылады

Қалада ASTANA TRIATHLON half турнирі өтеді

Жексенбі күні Астанада бірнеше көше жабылады
Фото: Azattyq Rýhy

Елорда тұрғындары мен қонақтары назарына: 13 шілде күні Астанада көлік қозғалысына шектеу қойылады. Бұл туралы қалалық әкімдік мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ASTANA TRIATHLON half турнирі өтеді

Жексенбі, 13 шілде күні елордада халықаралық деңгейдегі ірі спорттық шара — ASTANA TRIATHLON half турнирі ұйымдастырылады. Триатлонға қатысушылар үш кезеңнен өтеді:

  • Суда жүзу — 1,9 км
  • Веложарыс — 90 км
  • Жүгіру — 21,1 км

Жарыс Орталық саябақтан басталып, Илинка аумағында аяқталады.

Қай көшелерде қозғалыс шектеледі?

Астана әкімдігінің мәліметінше, велосипед жарысы өтетін учаскелерде уақытша қозғалыс шектеледі. Төменде велокезеңнің нақты маршруты берілген:

  • Старт – Орталық саябақ (Орталық жағажай маңы)
  • Тұран даңғылы арқылы көпір астымен солға бұрылу
  • Тұран даңғылымен Қорғалжын тасжолына дейін қозғалу (оң жақ жолақпен)
  • Қорғалжын тасжолымен айналма жолға дейін (оң жақпен)
  • Айналма жолға солға бұрылу, қарсы бағыттағы жолмен жүру
  • Содан соң Қосшы бағытындағы (Қарқаралы трассасы) жолмен үш шеңберді айналып өту
  • Кері қайтып, Қорғалжын тасжолынан Ілинка жақ бетіндегі веложолға түсу
  • Финиш – велопрокат тұрағында (веложол бойында).

Көлік жүргізушілеріне ескерту

Қала әкімдігі 13 шілде күні таңертеңнен бастап аталған бағыттарда қозғалысқа уақытша шектеу қойылатынын ескертеді. Бұл шектеулер велосипед жарысы қауіпсіз өтуі үшін қажет.

«Жолдарда уақытша шектеу болады, әсіресе веложарыс кезеңі өтетін учаскелерде», – делінген ресми хабарламада.

Серіктес жаңалықтары