$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.06.2020, 22:38
Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 77 адамға жетті

Коронавирус індетінен тағы 4 науқас көз жұмды

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 77 адамға жетті
Фото: ашық дереккөзден

Коронавирус індетінен тағы 4 науқас көз жұмды. Нұр-Сұлтан қаласында 1941 жылы туған әйел, Павлодар облысында 1971 жылы туған әйел адам, Ақмола облысында 1977 жылы дүниеге келген ер және 1952 жылы туған әйел адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстан бойынша барлығы 77 адам қайтыс болды.

Нұр-Сұлтан қаласы – 15

Алматы қаласы – 10

Шымкент қаласы – 11

Ақмола облысы – 6

Атырау облысы – 3

Шығыс Қазақстан облысы – 1

Жамбыл облысы – 1

Батыс Қазақстан облысы – 4

Қарағанды облысы – 7

Қостанай облысы – 2

Маңғыстау облысы – 2

Павлодар облысы – 12

Түркістан облысы – 3

Серіктес жаңалықтары