$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында дауылдан зардап шеккен тұрғындарға баспана беріле ме

Ақсу қаласының әкімдігінде кездесу өтті

Павлодар облысында дауылдан зардап шеккен тұрғындарға баспана беріле ме
Фото: Павлодар облысының әкімдігі

Ақсу қаласының әкімдігінде дауылды желдің салдарынан зардап шеккен Ы.Алтынсарин көшесі, 4 және 4/1 мекенжайындағы үйлердің тұрғындарымен кездесу өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыс әкімі Асайын Байхановтың тапсырмасы бойынша кездесуде тұрғындарға құрылыс сараптамасының қорытындысы таныстырылып, тұрғын үйлерді қалпына келтірудің бірнеше нұсқасы талқыланды.

Үш ықтимал нұсқа ұсынылды:

1. Үйлердің құрылымдарын күшейтіп, ағаш жабындарын орнату арқылы қалпына келтіру. Жұмыс мерзімі - 1,5-2 ай

2. Техникалық сараптамаға сәйкес екінші қабатты бұзып, плиталық жабындармен толық қалпына келтіру. Жұмыс мерзімі - 7-8 ай

3. Қазіргі пәтерлерден бас тартып, тұрғын үй кезегіне тұру арқылы кейінен басқа баспана алу мүмкіндігі.

«Тұрғындар барлық ұсыныстарды мұқият тыңдап, шешім қабылдау үшін уақыт сұрады. Соның нәтижесінде тұрғындардың қабылдаған шешімі 15 шілдеге дейін болатын қайта кездесу барысында бекітіледі», – делінген әкімдік хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары