«Полицейлер үйлерді аралап жүр»: ІІМ желідегі мәліметке түсініктеме берді
Бір топ адамның биометриялық деректер жинап жүргені туралы ақпарат тарады

ІІМ баспасөз қызметі пәтерлерді аралап, өзін ішкі істер органдарының қызметкері ретінде таныстыратын адамдар туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның мәліметінше, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде бір топ адамның жеке куәліктерді тексеріп, биометриялық деректерді жинау мақсатында пәтерлерді аралап жүргені туралы ақпарат тараған. Олар өзін ішкі істер органдарының қызметкерлері ретінде таныстырады делінген.
«Аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Әлеуметтік желі қолданушыларына ескерте отырып, БАҚ немесе ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы әдейі жалған ақпарат таратқандар заң алдында жауапты болатынын еске саламыз. Тек ресми дереккөздерге сенім артыңыздар», – деп хабарлады ІІМ.