Бұланды ауданында мемлекеттік сатып алу саласында заңбұзушылықтар анықталды
Прокуратура жағдайға қатысты түсініктеме берді

Бұланды ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – ЖАО) мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша талдау жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Талдау барысында ЖАО веб-порталында мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары уақытылы орналастырылмайтыны анықталды.
Мысалы, Бұланды ауданының ТКШ бөлімі 2025 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын 2025 жылғы 5 қаңтарда бекіткен, алайда оны 2025 жылғы 28 қаңтарда ғана орналастырған, яғни 16 жұмыс күні өткеннен кейін.
Аталған заңбұзушылық бәсекелестікті едәуір шектеп, әлеуетті өнім берушілердің қатысу мүмкіндігін азайтады.
Прокуратураның қадағалау актісі негізінде ӘҚБтК-нің 207-бабы 13-бөлігіне сәйкес 12 ЖАО басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды (30 әкімшілік құқық бұзушылық ісі қозғалды), айыппұлдар жалпы сомасы 896 мың теңгені құрады.