Қазақстанда киберполиция 67 млн-ға жуық алаяқтық қоңырауды бұғаттады
Қазақстанда киберқылмысқа қарсы жаңа департамент құрылды

Қазақстанда киберқылмыстарға қарсы әрекет ететін жаңа департамент құрылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің жаңа құрылым басшысы Жандос Сүйінбай Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жаңа департаменттің негізгі міндеттері:
- Интернет-алаяқтықты анықтау және тергеу;
- Заңсыз онлайн контентті анықтау;
- Онлайн-қылмыстардың алдын алу;
- Цифрлық қауіпсіздікке қатысты заңнаманы жетілдіру.
Алты айда 11 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркелді
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында 11 000-нан астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелген. Полиция 74 sim-box құрылғысын, 88 мыңнан астам тіркелмеген SIM-картаны тәркілеген, 30 күдікті ұсталған, оның ішінде 14-і – шетел азаматы. 870 адам киберқылмыстарға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Заңсыз сайттар мен жалған нөмірлер бұғатталды
Киберқылмысқа қарсы күрес аясында:
- Құқыққа қайшы контенті бар 59 000 интернет-ресурс бұғаттауға жолданды;
- Байланыс операторларымен бірлесіп, 66,9 млн жалған нөмірден жасалған қоңырау бұғатталған;
- «Антифрод-орталығының» жұмысы нәтижесінде азаматтардың 2,6 млрд теңгеден астам қаржысын ұрлаудың жолы кесілді.
Халықаралық операциялар: трансұлттық алаяқтықпен күрес
2025 жылғы қаңтарда Қазақстан ІІМ Арменияда өткен халықаралық операцияға қатысты. Нәтижесінде:
- ТМД мен Еуропа елдерінің азаматтарын алдаған 2 халықаралық call-орталықтың жұмысы тоқтатылды;
- Қазақстанда да Астана мен Алматыда орналасқан 5 call-орталықтың алаяқтық әрекеті әшкереленді.
Интернеттегі қауіпсіздік – әр азаматтың жауапкершілігі
«Интернет-алаяқтықтың алдын алу – ең алдымен азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығынан басталады», – деп атап өтті департамент басшысы Жандос Сүйінбай.