Пышақтап өлтіріп, денесін зорлаған: Түркістан облысында 11-сынып оқушысы 7,5 жылға сотталды
Қайғылы оқиға Шымкент қаласында болған
Түркістан облысында 11‑сынып оқушысы 26 жастағы Диана Оңғарбаеваны өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, оған қатысты сот үкімі жарияланды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгін ауданаралық мамандандырылған сотта жасөспірімге қатысты үкім шығарылды. Ол қылмысы үшін жеті жыл алты айға дейінгі мерзімге кәмелетке толмағандар колониясында жазасын өтейтін болады.
Айта кетейік, 26 жастағы Диана Оңғарбаева 2025 жылғы 21 шілдеде Шымкентте жоғалып кеткен еді. Оның мәйіті 10 күннен кейін қоқыс шығару алаңынан табылды. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды. Ол – қалаға жұмысқа келген мектеп оқушысы. Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті әйелді әлеуметтік желі арқылы тауып, ол келісім бойынша пәтерлерді жинауға келген. Жұмыс аяқталған соң, күдікті 26 жеріне пышақ сұғып, зорлаған, денесін қара полиэтилен пакетке орап, қоқыс жәшігіне тастап кеткен.