$ 499.65  582.89  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«18 тісті бірден емдейміз деп кім айтты?»: сотта тіс дәрігері жауап берді

Бастапқыда 9-11 тісі емделетінін айтқан

«18 тісті бірден емдейміз деп кім айтты?»: сотта тіс дәрігері жауап берді
Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

Астанадағы стоматологияда 18 тісін емдеу кезінде оянбай, көз жұмған Зере Есентайдың ісіне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Марқұмның тісін емдеген тіс дәрігері сотта жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Зере Есентайдың ата-анасы 18 тісті бірден емдеу жайлы қашан естігендерін айтты.

«Біз алғашқы консультацияға екі баламызбен бардық. Сол кезде дәрігер тек үлкен баламыздың тісін емдеді. Ал Зеремен біз екінші рет қайта бардық. Кейін қайта қаралғанда, дәрігер бұрынғы нәтижелерді көрсетті және қандай анализдер тапсыру керектігін нақты атап өтті», - дейді марқұмның анасы.

Зеренің анасы 18 тісті емдеу жайлы алғаш рет бала севоранның астында жатқанда айтқан.

«Алғашқы консультация кезінде балалардың тістері санын нақтылау жүргізілді. Сол сәтте 9-11 тіс емделеді деп айтылды. Емдеу ингаляциялық ұйықтау кезінде жасалды және дәрігер 18 тіс туралы нақты ақпаратты сол кезде жеткізді. Бастапқыда 9-11 тісті емдеу 3-4 сағатқа созылады деп жоспарланды. Олар саны көбеюі мүмкін екенін айтты. Бірақ 18 деп айтпады. Біз уақытты бөліп, емдеуді екі кезеңге бөлуді сұрадық. 18 тіс туралы осы жерде жауап беріп тұрған тіс дәрігері айтты», - деді ол.

Еске салсақ, Астанадағы Dent-Park клиникасында дәрігерлер 3 жасар қыздың тісін ұзақ уақытқа ұйықтатып тастап емдеген. Бала анестезиядан кейін оянбай, көз жұмған.

Серіктес жаңалықтары