09.07.2025, 16:32
Жаңалықтар
Алакөлде құны 100 млн теңгеге бағаланған жер телімдері мемлекетке қайтарылды
Тиімсіз пайдаланылған жерлер заңмен кері қайтарылды
Фото: gov.kz
Жетісу облысының Алакөл ауданында бірқатар жер телімі тиімсіз пайдаланылғаны анықталды. Бұл туралы прокуратура органдарының тексерісі нәтижесінде белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әкімдік өкілетті бола тұра әрекет етпеген
Прокурорлардың айтуынша, жергілікті атқарушы орган уақытша жер пайдалану мерзімі әлдеқашан өткен жер телімдеріне қатысты ешқандай қайтару шараларын қабылдамаған. Осылайша жерлер ұзақ уақыт бойы пайдасыз күйде қалған
1655 гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Тексеру нәтижесінде, жалпы ауданы 1655 гектарды құрайтын 14 жер телімін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қайтару керектігі анықталды.
Қадағалау актісі негізінде жалпы кадастрлық құны 100 миллион теңгеге бағаланған барлық жер учаскесі мемлекеттік жер қорына қайтарылды.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті