$ 540.05  629.16  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көкшетау тұрғыны есірткі тасымалдағаны үшін 7 жылға сотталды

Ол есірткіні Астанаға жеткізбек болған

Көкшетау тұрғыны есірткі тасымалдағаны үшін 7 жылға сотталды
Фото: freepik.com

Көкшетау қаласының 36 жастағы тұрғыны синтетикалық есірткі тасымалдап, сатпақ болғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция 2 келіге жуық есірткі тәркіледі

Ақмола облысының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы 2024 жылдың қаңтарында әйелдің заңсыз әрекетін әшкерелеген.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, әйел мобильді қосымша арқылы есірткі «жасырушы» қызметіне орналасып, куратордың нұсқауымен Астанада психотроптық заттарды сатып алып, жеке көлігімен Көкшетауға жеткізбек болған.

Алайда ол діттеген мақсатына жете алмады – Көкшетауға кіре берісте полиция қызметкерлері оны қолға түсірді, ал көлігінен ірі көлемдегі есірткі тәркіленді.

990 грамм мефедрон мен 1001 грамм а-PVP табылған

Жедел-іздестіру шаралары барысында автокөліктің ішінен шамамен 2 келі синтетикалық есірткі табылды. Оның ішінде 990 грамм мефедрон, 1001 грамм а-PVP психотроптық заты бар.

Сонымен қатар, пәтерінен есірткіні өлшеуге және буып-түюге арналған құралдар: таразы, орауыштар, скотч, контейнерлер және басқа да заңсыз әрекетке қолданылатын заттар анықталды.

Сот үкімі: 7 жыл бас бостандығынан айыру

Тергеу кезінде күдікті кінәсін толық мойындап, мұндай әрекетке ақша табу үшін барғанын айтқан.

Сот үкімі бойынша ол орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары