09.07.2025, 04:18
Жаңалықтар
Қазақстан құрамасы физикадан халықаралық олимпиадада 10 медаль жеңіп алды
Олимпиадаға 21 елден келген оқушылар қатысты
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында ISPhO-2025 халықаралық ғылыми физика олимпиадасы аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық бірінші орынды иеленіп, әлемдік көшбасшылар қатарына сенімді түрде енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 21 елден келген қатысушылар арасынан бес қазақстандық оқушы он жүлдемен оралды.
Олимпиада екі негізгі турдан тұрды – теориялық және эксперименттік. Қорытынды нәтиже екі кезең бойынша жиналған ұпайлар арқылы анықталды.
Күміс медаль иегерлері:
- Роман Черемнов – Алматы қаласындағы «Мирас» мектебінің 11-сынып оқушысы;
- Таир Әбідқадыр – Қостанай қаласындағы «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы;
- Әлтайыр Ақанов – Астана қаласындағы РФММ-ның 11-сынып оқушысы;
- Ілияс Қазымбек – Алматы қаласындағы РФММ-ның 10-сынып оқушысы.
Сондай-ақ олимпиаданың қола жүлдегері – Астана қаласындағы NurOrda мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Даниэль Түлебаев.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді