05.07.2025, 23:52
Жаңалықтар
Айбек Оралбай бокстан Әлем кубогының финалына жолдама алды
Финал 6 шілде күні өтеді
Фото: Olympic.kz
Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Айбек Оралбай Астанада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының жартылай финалында жеңіске жетіп, финалға жолдама алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қарсылас – әлем чемпионатының жүлдегері
Айбек 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Махаммад Абдуллаевпен айқасты.
Үшінші раундта отандасымыз қарсыласын нокдаунға түсіріп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Финал 6 шілдеде өтеді
Осылайша, Айбек Оралбай 6 шілде күні Әлем кубогының алтын жүлдесі үшін шаршы алаңға шығады.
Финалға шыққан боксшылар тізімі
Бұған дейін финалға жолдама алған қазақстандықтар:
- Назым Қызайбай (48 келіге дейін);
- Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін);
- Виктория Графеева (60 келіге дейін);
- Наталья Богданова (70 келіге дейін);
- Надежда Рябец (75 келіге дейін);
- Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары);
- Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін);
- Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін);
- Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін);
- Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін);
- Бекзад Нұрдәулетов (85 келіге дейін).
Қола медаль иегерлері
Кейбір спортшылар турнирді қола жүлдемен аяқтады:
- Сағындық Тоғамбай (90 келіге дейін);
- Ертуған Зейнуллинов (65 келіге дейін);
- Аида Әбікеева (65 келіге дейін);
- Айдана Забынбекова (57 келіге дейін).
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады