$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.06.2020, 17:13
Жаңалықтар

ШҚО-да карантин 1 шілдеге дейін ұзартылды

Жаңа қаулы шықты

ШҚО-да карантин 1 шілдеге дейін ұзартылды

Соңғы 7 күн ішінде сырқаттанушылықтың өсу деңгейі облыс бойынша 4,1% Семей қаласы бойынша -4,7% құраған, деп хабрлайды Аltaynews.

Осыған орай, ШҚО-ның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Марат Исмаиловтың облыс халқы арасында COVID-19 туындаған коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы № 14 қаулысы шықты.

 «Шығыс Қазақстан облысының барлық аумағында шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың өмір сүруінің ерекше жағдайларымен 2020 жылғы 01 шілдедегі сағат 00:00-ге дейін шектеу, оның ішінде карантиндік іс-шаралар сақталсын. Аудандар мен қалалардың әкімдері бұрын белгіленген шектеу іс- шараларын сақтасын»,- делінген қаулыда

 Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімі коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне және COVID-19 сырқаттанушылықтың өсу деңгейіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ШҚО #коронавирус