$ 538.57  629.48  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақтың дәстүрлі мәдениетін бейнелейтін сурет The Guardian басылымында жарияланды

Көріністі суретке түсірген – түркиялық фотограф Элькин Эскипехливан

Қазақтың дәстүрлі мәдениетін бейнелейтін сурет The Guardian басылымында жарияланды
Фото: Ilkin Eskipehlivan/Anadolu/Getty Images

 

Ақтаудағы «Даламен үндес баба өнері» фестивалінде түсірілген сурет әлемге танылды. Ұлыбританияның The Guardian басылымы оны күннің үздік фотосы ретінде жариялады. Бұл қазақ қолөнерінің көркем бейнесі жаһандық деңгейде бағаланғанын көрсетеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Британиялық басылым қазақстандық фестивальдегі көріністі ерекше атап өтті

Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникациялар орталығының хабарлауынша, Ақтауда өткен «Даламен үндес баба өнері» атты қолөнер фестивалінде түсірілген сурет The Guardian газетінің енген.

Автор – түркиялық фотограф

Көріністі суретке түсірген – түркиялық фотограф Элькин Эскипехливан. Оның кадры фестиваль шеңберінде шеберлер мен қолөнершілердің өнер сәтін шебер жеткізгені үшін таңдалып, редакциялық топтың назарына іліккен.

Дүниежүзілік үздіктер қатарында

Бұл фотосурет The Guardian таңдаған әлемнің әр түкпірінен алынған үздік фотолар қатарында жарияланды. Мұндай халықаралық мойындау – Қазақстандағы дәстүрлі мәдениеттің терең мазмұны мен көркем бейнесінің бір дәлелі.

«Даламен үндес баба өнері»: дәстүр мен шығармашылық тоғысы

Фестивальге Қазақстанның әр өңірінен және шет елдерден келген шеберлер қатысты. Қонақтар дәстүрлі қолөнер бұйымдарын тамашалап, шеберлік сағаттарына қатысып, ұлттық бұйымдардың жасалу барысын өз көзімен көруге мүмкіндік алды.

Сонымен қатар, ұлттық салт-дәстүрге негізделген мәдени бағдарлама мен жәрмеңке де ұйымдастырылды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Ақтау #мәдениет